1. ҚХЕС (IAS) 1 «Қаржы есептілігін ұсыну» бірдей дәрежеде қолданылады:
2. Бірінші қаңтардағы жағдай бойынша тауар қалдығы 100 теңге бағамен 10 бірлікті құрады. Қаңтар айы ішінде келесідей операциялар жүргізілді: 120 теңгеден 15 бірлік, 150 теңгеден 10 бірлік сатып алынды, 20 бірлік тауар сатылды. Орташа өлшенген құн әдісі бойынша есептелген сатылған өнімнің өзіндік құны:
3. Бір жыл ішінде өткізілген өнімнің өзіндік құны 90 мың теңгені құрады, тауарлы – материалдық қорлар 10 мың теңгеге және кредиторлық қарыз 15 мың теңгеге өсті. теңгені құрады. Бір жыл ішіндегі сатып алуға жұмсалған ақшалай төлемдер қанша теңгені құрады?
4. Бухгалтерлік бағалаулардағы өзгерістерге жатпайды:
5. Қаржылық есептілікті бекітуге дейінгі кезеңде ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы 2%-ға төмендейді. Компанияның қаржылық есеп беруінде компания активтерінің 3 % доллармен бөлінген. Есепті күні талап етіледі:
6. Кәсіпорынның есепті жылдағы салық салынатын пайдасы 200 000 теңгені құрайды. Есепті жылы 12 000 теңге сомасында кейінге қалдырылған актив қалыптасты. Салық ставкасы 20 % құрайды. Кәсіпорын есепті жыл үшін табыс салығы бойынша шығыстардың қандай сомасын көрсетуі керек?
7. Автокөлік 4800 мың теңгеге сатып алынды, оның қалдық құны 300 мың теңгеге бағаланды. 900 мың теңге көлеміндегі ай сайынғы амортизациялық аударымдар біркелкі әдіске сәйкес есептемелерде көрсетілді. Жылдық амортизациялық аударымдардың нормасы неше пайызды құрайды?
8. Кәсіпорын алушының болашақта белгілі бір шарттарды орындауын талап етпейтін мемлекеттік субсидияларды тануы тиіс:
9. Белгіленген активті сатып алуға, салуға немесе өндіруге тікелей байланысты қарыздар бойынша шығындар:
10. «Қатысушыға кәсіпорында жұмыс істеген уақытына және алған жалақысына (соңғы жылы немесе соңғы 3 жылдағы орта есеппен) қарай айқындалатын нақты зейнетақы мөлшері уәде етіледі». Бұл мыналарға қатысты:
11. Есепті жылдың 3 қаңтарында «Барыс» серіктестігі «Алтын» АҚ-ның әрқайсысына 2000 теңгеден 400 дана акциясын сатып алды. Бұл «Алтын» АҚ акцияларының 20 пайызын құрайды. Жыл қорытындысы бойынша «Алтын» АҚ 400 000 теңге көлемінде дивидендтер төлеу туралы жариялады. Сонымен қатар, «Алтын» АҚ 1 000 000 теңге таза пайда тапты. Есепті жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша инвестиция құнын анықтаңыз, егер «Барыс» компаниясы инвестицияларды үлестік қатысу әдісімен есепке алса:
12. Қаржы құралы эмитенттің таза активтеріндегі қалдық үлеске құқық берген кезде, құрал келесі түрде жіктеледі:
13. 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кәсіпорынның 500 000 жай акциялары орналастырылды. 2024 жылдың 1 мамырында қолма-қол ақшаға 50 мың жай акция шығарылды. 2023 айналымдағы акциялардың орташа алынған саны қанша болады?
14. Пайда немесе залал туралы аралық есепте көрсетілуі тиіс:
15. Бағалық міндеттеме дегеніміз – ол:
16. Материалдық емес активтерге жатпайды:
17. Сәуірде компания акционерлердің мақұлдауымен жаңа қызметкерлерге опцияларды ұсынды. Бұл ережені акционерлер қыркүйекте бекітті. Бағдарлама қазан айында жұмыс істей бастады. Опциондарды беру күні:
18. Кәсіпорында әртүрлі себептермен біраз уақыттан бері жұмыс істемей тұрған зауыт бар. Компания бұл зауытты сатуды жоспарлап отыр. Бұл факт кәсіпорынның қаржылық есеп беруінде қалай көрсетілуі керек?
19. Пайыздық мөлшерлеменің тәуекелі – бұл тәуекел:
20. Есепті сегменттерді одан әрі сәйкестендіру мақсатында есепті сегменттер қамтамасыз ететін жиынтық кіріс кем дегенде неше пайызды құрауы керек?
2024 жылғы 31 желтоқсандағы компаниялардың қаржылық жағдайы туралы есептер төменде келтірілген:
Баптар | «Анар» | «Мөлдір» |
АКТИВТЕР | | |
Қысқа мерзімді активтертер | | |
Қорлар | 100 000 | 20 000 |
Дебиторлық берешек | 90 000 | 40 000 |
Ақша қаражаттары | 60 000 | |
Қысқа мерзімді активтердің жиынтығы | 250 000 | 60 000 |
Ұзақ мерзімді активтер | | |
Негізгі құралдар | 750 000 | 290 000 |
Инвестициялар | 200 000 | |
Ұзақ мерзімді активтердің жиынтығы | 950 000 | 290 000 |
Активтер жиыны | 1 200 000 | 350 000 |
КАПИТАЛ ЖӘНЕ МІНДЕТТЕМЕЛЕР | | |
Қысқа мерзімді міндеттемелер | | |
Кредиторлық берешек | 150 000 | 160 000 |
Салық | 50 000 | 10 000 |
Қысқа мерзімді міндеттемелердің жиынтығы | 200 000 | 170 000 |
Меншікті капитал | | |
Акционерлік капитал (номиналы 3 мың теңге) | 600 000 | 60 000 |
Эмиссиялық кіріс | 200 000 | 40 000 |
Бөлінбеген пайда | 200 000 | 80 000 |
Меншікті капиталдың жиынтығы | 1 000 000 | 180 000 |
Меншікті капитал мен міндеттемелердің жиынтығы | 1 200 000 | 350 000 |
Қосымша ақпарат
1 ескертпе: «Мөлдір» компаниясының акцияларын сатып алу – «Анар» компаниясы 2023 жылғы 1 қаңтарда «Мөлдір» компаниясының 14 000 акциясын 200 000 мың теңгеге сатып алды, «Мөлдір» компаниясының бөлінбеген пайдасы осы күнге 60 000 мың теңгені құрады.
2 ескертпе: Сатып алу күні «Анар» компаниясы (IFRS) 3 «Бизнесті біріктіру» ХҚЕС-ы талап ететіндей «Мөлдір» компаниясының сатып алынған сәйкестендірілетін активтері мен міндеттемелерінің әділ құнын бағалауды жүргізді. «Мөлдір» компаниясын сатып алған күні оның қорларының әділ құны олардың өзіндік құнынан 5 000 мың теңгеге төмен болды; осы қорлардың барлығын «Мөлдір» компаниясы 2018 жыл бойы сатқан. «Мөлдір» компаниясының есебінде жер де, ғимарат та жоқ. Негізгі құралдар тобы олардың жабдықтары мен жиһаздарынан тұрады. «Мөлдір» компаниясының негізгі құралдарының әділ құны баланстық құнынан 10 000 мың теңгеге жоғары. Сатып алу күніндегі осы активтердің қызмет ету мерзімі 5 жылды құрады, негізгі құралдардың амортизациясы қалған қызмет мерзімі ішінде біркелкі есептеледі.
3 ескертпе: Гудвиллдің құнсыздануы – Гудвилл иелік ету кезеңінде 30%-ға құнсызданған.
4-ескертпе: Топішілік сату – Жыл бойы «Анар» компаниясы «Мөлдір» компаниясына тауарларды өзіндік құнына 20% үстеме бағамен 60 000 мың теңгеге сатты. Жыл соңына дейін «Мөлдір» компаниясы осы тауарлардың 40%-ын шетке сатты. «Мөлдір» тауар үшін тек 60%-ын төледі.
5-ескертпе: Кейінге қалдырылған салық салу есепке алынбайды.
Талап етіледі:
- «Анар» компаниясыныңтопқұрылымдарынанықтаңыз. «Мөлдір» компаниясынаинвестицияқұнынанықтаңыз.
- «Мөлдір» компаниясыныңтазаактивтерінесептеукезіндеқандайтүзетулер енгізу керектігінанықтаңыз
- «Мөлдір»компаниясыныңтазаактивтерінсатып алу күнінежәнеесептікүнгеесептеңіз.
- Гудвиллдісатып алу күніменесептікүнгеесептеңіз.
- Гудвиллдіңқұнсыздануынесептеңіз.
- Есеп беру күніне бақыланбайтын қатысу үлесін есептеңіз.
- Есеп беру күніне «Мөлдір» компаниясындағыпайдаүлесінесептеңіз.
- Есеп беру күніне топтыңшоғырландырылғанбөлінбегенпайдасынесептеңіз.
- 2024 жылғы 31 желтоқсанға «Анар» компаниясы тобының қаржылық жағдайы туралы шоғырландырылған есебін дайындаңыз
«Орион» ұйымы 15.11. 2023 жылы кейіннен қайта сату үшін тоннасына 20 000 теңге бағасымен 10 000 тонна бидай сатып алады.Есепті кезеңнің соңында егін жинау жылына байланысты бидайдың осы сортының нарықтық бағасы тоннасына 18 000 теңгеге дейін төмендеді, ал бидайды сату мүмкін емес. 2024 жылы астық бағасы көтеріліп, 10.03 ұйымдастырылды. 2024 жылы бұл астықты тоннасына 25 000 теңгеден толық көлемде сатты.
Талаптар:
2023 жылы қорларды сату кезінде 2024 жылы тікелей есептен шығару және қорлардың құнын арттыру әдісімен сатудың таза мүмкін бағасына дейін есептен шығару жөніндегі операцияларды көрсетіңіз.
«Smart service» АҚ Қазақстан бойынша дүкендердің үлкен бөлшек сауда желісіне ие. Қаржылық есептілікті дайындау барысында келесі оқиғалар орын алды:
- 2023 жылғы 31 желтоқсанда есепті кезең аяқталды;
- 2024 жылғы 29 наурызда бухгалтерлік қызмет қызметкерлері 2023 жыл үшін табыс салығы бойынша салық есептілігін жасау рәсімдерін аяқтады;
- 2024 жылғы 28 сәуірде бухгалтерлік қызмет қызметкерлері 2020 жылғы 31 желтоқсанда аяқталатын жыл үшін қаржылық есептілік жобасын жасау рәсімдерін аяқтады;
- 3 маусымда 2023 жылы аяқталған жыл үшін аудиторлық қорытынды және қаржылық есептіліктің сәйкестігі туралы есеп алынды;
- 2024 жылғы 5 маусымда директорлар кеңесі қаржылық есептілікті қарайды және оны акционерлерге ұсыну үшін бекітеді;
- 2024 жылғы 26 шілдеде компания акционерлер жиналысының хаттамасында 2023 жыл үшін жарияланған пайда сомасынан дивидендтер мөлшерін бекітті және жыл сайынғы жиналыста қаржылық есептілікті бекітті;
- 2024 жылғы 28 шілдеде бекітілген қаржылық есептілік тиісті органдарға жіберіледі.
Талап етіледі:
- Аталған күндердің қайсысы қаржылық есептілікті бекіту күні болып табылады? Есепті күннен кейінгі оқиғаға анықтама беріңіз.
- Қандай кезең ішінде компания 2023 жылғы қаржылық есептілікке 10 «Есепті кезең аяқталғаннан кейінгі оқиғалар» ХҚЕС (IAS) талаптарын қолдануға міндетті.
16 ҚЕХС (IFRS) «Жалдау» жалға алушылардың және жалға берушілердің жалдау шарттарын тану, бағалау, ұсыну және ашу принциптерін белгілейді. Келісім-шарт жасалған кезде кәсіпорын келісім-шарттың тұтас немесе оның жекелеген құрамдас бөліктерінің жалдау шарты болып табылатынын бағалауы керек.
Талаптар:
- Шарттың құрамдас бөліктерін жалға алушыдан бөлу тәртібін сипаттаңыз;
- Жалға алушының жалдау басталу күні қаржылық жалдауды қалай тануы керектігін көрсетіңіз;
- Жалдау шарттары бойынша жалға алушыдан 16 ҚЕХС (IFRS) «Жалдау» сәйкес ақпаратты ашып көрсету мақсаттарын көрсетіңіз.